Оқиға

Алматыда оқушы қызға шабуыл жасаған ер адамға іздеу салынды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚызды иығынан ұстап тұрған ер адам
Қызды иығынан ұстап тұрған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер шабуыл жасаған ер адамды ұстай алмады, бірақ сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 15 жасар оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

19 қыркүйек күні жергілікті тұрғын Алатау ауданы ІІБ келіп, белгілісіз ер адамның 15 жасар қызына шабуыл жасағанын айтады.  

"Оқиға орнына жол – патрульдік полициясының жасағы, полицияның кешенді күші, сонымен қатар аудандық ішкі істер басқармасының жедел-іздестіру тобы жіберілді. Болған оқиға туралыв хабар біраз уақыттан кейін түскендіктен, күдіктінің ізін суытпай ұстап алу мүмкін болмады", — деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. 

Оған қоса, қылмыстың сипатына қарай ҚР ҚК 121-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


 


Жаңалықтар
0