Қоғам

Абаев: 10 сұраққа қарап, біз БАҚ туралы заңды қабылдамай отырмыз

© SputnikҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үкіметтік емес ұйымдардың сұрақтарына қарамастан, мекеме тарапынан дайындалған БАҚ туралы заңды неліктен дәл қазір қабылдау керектігін түсіндірді

АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik."Біз қазір депутаттармен, журналисттермен немесе үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. 

Жаңа заң жобасындағы қалған сұрақтарды талдаймыз. Бұл өте ұзақ процесс", — деді журналисттерге Абаев үкімет отырысынан кейін. 

Оның айтуынша, үлкен жұмыс жасалды, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен бірқатар іс атқарылды, себебі БАҚ туралы заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесі қазіргі уақытта пісіп-жетілді. 

Бұған дейін министр Дәурен Абаев Facebook бетінде БАҚ туралы жаңа заңнаманы түсіндіру туралы видео жариялаған болатын. Оның айтуынша бұл өзгерістер қалайда болсын, әр қазақстандыққа қатысты болады, сондықтан жаңашылдықтың барлығын егжей-тегжейлі түсіндіру қажеттігі туындаған болатын. 

200-ден астам түзетулер енгізілген заң жобасы мәжіліске шілде айының соңында ұсынылған болатын.  

 

 

Жаңалықтар
0