Оқиға

"ҚТЖ-Жүк тасымалдау" қызметкері ірі көлемдегі пара алуға қатысты айыпталды

© SputnikАқша, пара, жемқорлық
Ақша, пара, жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда жүк вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер жеткізуші кәсіпорының қызметкері кәсіпкерге тиісті қызмет көрсете отырып, өз пайдасын жүзеге асырмақшы болды

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik.  Қостанай облыстық сотына 500 мың теңге көлемінде пара алуға қатысты айыпталған, "ҚТЖ-Жүк тасымалдау" компаниясы филиалының бас инженеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. 

 Қостанай қаласы №2 сотына "ҚТЖ-жүк тасымалдау" – "Қостанай бөлімшесі МК" акционерлік қоғамы филиалының бас инженері 36 жасар ер адамға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол ҚР ҚК 366-бабының 2-бөліміне (Пара алу) сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. 

Істің материалдарына сәйкес, шілде айының басында ер адам "Қостанай бөлімі МК" жетекшілерінің бірі болған ер адам белгілі бір ЖШС жүк вагондарының иелеріне істен шыққан бөлшектерді жөндеу жұмыстарына қатысты қызмет көрсететінін білген. ЖШС кәсіпкерлік қызметі де осы мәселеге тәуелді болатын. Сол кезде инженер ЖШС өкіліне 500 мың теңге көлемінде пара беретін болса, оған барынша көмек көрсететінін айтады.  

Осы жағдайға қатысты шілде айының аяғында ЖШС өкілі ерікті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне шағымданады. Сол күні бас инженер ЖШС өкілінен 500 мың теңге пара алу үстінде Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы қызметкерлері тарапынан ұсталады. 

Басты сот отырысы 29 қыркүйекке белгіленді. 

 

 

Жаңалықтар
0