Оқиға

Шығыс Қазақстанда бес бала мен бір ересек адам газбен уланды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуОт жанып тұрған пеш
От жанып тұрған пеш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір ересек әйел адам мен екі және он төрт жас аралығындағы бес бала көмір газынан уланып, ауруханаға түсті

 

 

АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданында алты адам, оның ішінде бес бала көмір газынан уланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне аймақтық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. 

Оқиға 25 қыркүйек, дүйсенбі күні Прогресс ауылында орын алған. Өздерін жайсыз сезінген жеті адам дәрігерге көрінеді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін, 76 жасар әйел адам мен 2003, 2006, 2009, 2012 және 2015 жылы туған бес бала ауруханаға жатқызылды. Тағы бір адам үйіне босатылды. Барлығына жеңіл және орта дәрежедегі улану диагнозы қойылды. 

Пешті дұрыс пайдаланбау көмір газымен уланудың басты себебі болды. 

ТЖД айтуынша, аймақтағы жылы беру маусымы 15 қазанда бастау жоспарланған. Алайда күннің күрт суығаны мен жауған қардың салдарынан жекеменшік үйлердің тұрғындары пеш жаққан. Кейбір үй иелері, көмірді үнемдеу мақсатында жапқышты ашпайды немесе түтін құбырын тазаламайды. Осының салдарынан көмір газы сырты шықпай, үйге таралады. Ол өмірге қауіпті. 

16 қыркүйектен бастап облыс аумағында тоғыз адамның улануы тіркелді. Олардың барлығы аман. 

 

 


Жаңалықтар
0