АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. "Абу-Даби Плаза" кешенін салу кезінде мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті.
Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оның айтуынша, 26 қыркүйек күні таңертең мұнаралы кранның қауғасы ғимараттың жоғарғы қабатында сынып, тросқа ілініп тұрып қалды. Барлық жауапты бөлімшелер оқиға орында.
"Кранның бөлігін құрылыс бөлімшелері жөндеуі тиіс. Әдеттегідей, біздің құтқарушыларымыз дайын отыр. Керек болған жағдайда міндетті түрде жұмылдырылады. Бірақ әзірше ешқандай қажеттілік туындаған жоқ", — деді Иманқұлов.
Оның сөзіне сүйенсек, комитетке зардап шегушілер туралы ақпарат түспеген.