Қоғам

Сағадиев: оқушы туралы бүкіл ақпарат электронды түрде сақталатын болады

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша мектептердің 34 пайызы ғана кең жолақты интернетке қосылған

АСТАНА, 25 қыркүйек  — Sputnik.  Білім саласы толық цифрландырылған кезде әрбір бала туралы бүкіл ақпарат электронды түрде сақталатын болады, дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев ұстаздардың жалақысын өсіру туралы: тек біздің қолымыздағы мәселе емес

"Бүгінгі күні мектептердің көпшілігі үшін цифрлық білім беру ресурстары қолжетімді. Бұл 80 мыңнан астам үш тілдегі 3-5 минуттық видео, интерактивтік және мультимедиялық сабақтар. Олар мұғалімнің орнын, әрине, баса алмайды. Бірақ оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл әсіресе шағын комплектілі мектептер үшін өзекті", — деді Сағадиев кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, бүгінде білім саласын цифрландыру міндеті тұр, ал оны іске асыру үшін жылдамдығы жоғары интернет керек. 

"Білім беруді толық цифрландыру үшін электронды күнделіктерді толыққанды пайдалану маңызды. Бұдан бөлек, әрбір оқушының өзінің жеке кабинеті болады. Онда балабақшадан бастап PhD-ге дейін бүкіл ақпарат — барлық бағалар, олимпиадалар, портфолио, дипломдары, жұмыстары тәрізді бар мәлімет сақталады. Мұны іске асыру үшін мектептерге жоғары жылдамдықты интернет керек", — дейді ол. 

Министр бүгін, жалпы алғанда, жағдай жаман емес екенін атап өттің. Республика бойынша интернетке мектептердің 98 пайызы қосылған. 

"Оның ішінде кең жолақты, яғни жылдамдығы  4 Мбит/с  интернетке бар болғаны 34 пайызы ғана қосылған. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш тоғыз пайызға артты. Әсіресе, шағын комплектілі мектептерде жағдай қиын, ауылдағы осындай мектептердің тек 11 пайызы ғана кең жолақты интернетпен қамтылған. Елді мекендердің көпшілігінде техникалық мүмкіндіктер жоқ. Осыған орай биылғы жылы спутник технологиялары көбірек пайдаланыла бастады", — деді Сағадиев.

Жаңалықтар
0