Қоғам

"Казком" клиенттерінің құжаттары қоқыс орнында жатыр

© Photo : Facebook / Тимур АсылхановҚоқыстағы құжаттар
Қоқыстағы құжаттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрескел қателікке жол берген банк бөлімінің жетекшісі жұмыстан босатылды

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Астана қаласында "Казкоммерцбанк" АҚ клиенттерінің жеке куәліктерінің көшірмесі және тағы басқа құжаттар қоқыс жәшігінен табылды. Қоқысқа тасталған құжаттар мен хаттамаларды суретке түсіріп әлеуметтік желінің қолданушысы Тимур Асылханов жариялаған.

"Мен таң қалып тұрмын! Бүгін Күйші Дина көшесі, 31 ғимараттағы "Казкомбанк" бөлімшесі өздерінің 2016 жылғы клиенттерінің құжаттарын қалай жойып жатқанын көрдім. Клиенттердің жеке мәліметтерінің құпиялығы қайда?! Мұндай құжаттар банктің мұрағатында сақталуы керек немесе шредер арқылы жойылу керек қой", — деп шамданған Тимур Асылханов.



Жаңалықтар
0