Видеоны Желіде қоғам белсендісі әрі тәуелсіз экономист Рахым Ошақбаев жариялаған.
"Қазақстан бокс федерация кубогы кезіндегі қызық видео. Астаналық бапкер төреші шешіміне келіспей, шәкіртімен бірге рефериді сабамақ болған сияқты. Олар боктсың джентльмендер спорты екенін ұмытып кеткен ғой"- деп жазды Ошақбаев.
Бұл оқиғадан кейін бапкер мен спортшы дисквалификацияланады, оның мерзімін атқару комиетті бюросы мен бапкерлер кеңесі шешеді.
Реферидің сөзіне жүгінсек, ол бапкердің наразылығын түсінеді, дегенмен бұл әрекеті үшін жазалануы тиіс деп санайды.