Қоғам

Депутат: түрмеден шыққан азаматтарға көмек көрсету бойынша жұмыс көңіл көншітпейді

© AP Photo / Gregorio Borgiaтүрме
түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттың айтуынша, бұл тек мемлекеттік органдардың емес, қоғамның және мемлекеттік емес ұйымдардың да жұмысы

АСТАНА, 25 қыркүйек  - Sputnik.  Түрмеден шыққан азаматтарға көмек көрсету бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті билік өкілдерінің жұмысы жұмыс көңіл көншітпейді. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Сапар Ахметов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ең басты мәселе —  түрмеден шыққан азаматтарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп, оларды қоғамға кіріктіру. Біріншіден, сотталған азаматтарды қоғамға кіріктіру тек қана мемлекеттік органдардың жұмысы емес, ол қоғамның және мемлекеттік емес ұйымдардың да жұмысы деп білемін. Екіншіден, осы жұмысты атқару кезінде жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті билік өкілдерінің, әкімдіктердің жұмысы жайында айтқым келеді. Ол жұмыс қазір назардан тыс қалып отыр, көңіл көншітпейді, жұмысты жандандыру қажет деп ойлаймын", — деді Сапаров бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналған үкімет сағатында. 

Депутат осы мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. 

"Біріншіден, ішкі істер министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп, шаруашылық қызметтің әр түрлі нысандарын пайдалана отырып, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан барлық еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасауы керек.  Екіншіден, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің халықты жұмыспен қамтудың және сотталғандар арасынан жұмысшы кадрларды даярлау саласындағы әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудың өңірлік бағдарламаларына қатысуына мүмкіндік жасау қажет", — деді ол. 

Бұдан бөлек, оның айтуынша, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығын айыру органдарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын, квоталарды бөлуді қамтамасыз ету және әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтарын ашу бойынша шаралар қабылдау қажет. 

"Сотталған адамдарды қолдаудың әр түрлі құралдарын пайдалана отырып, олар үшін айыпты өтеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпкерлік субъектілерін белсенді тарту үшін жағдай  жасау, келісімшарт жасау және әлеуметтік тапсырыс мүмкіндіктерін пайдалануды кеңейту қажет деп ойлаймын", — деп түйді сөзін депутат.

Жаңалықтар
0