АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Эггеленфельдтегі жатақханада Қазақстан және Украинаның екі босқыны арасында жанжал туындап, украин қаза тапты, деп хабарлайды DW.
Жанжал 23 қыркүйек күні таңертең 28 жастағы украин мен 47 жастағы қазақстандық бірге тұратын бөлмеде болған. Украина тумасы алған жарақатынан көз жұмған.
Қазақстан азаматы сотталып, жазаға кесіледі.
Қосымша мәлімет берілмеген.