АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік пен шығыста ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20, Жамбыл облысында — ұйытқуы — 23 м/с.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман, кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.
Павлодар облысында, күндіз және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.
Алматы және Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус аяз.