АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Алматы зообағындағы амур жолбарысы Урман енді жаңа заманауи вольерді мекендейді, деп хабарлады мекеме баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Көгалдандырып, ағаш отырғызылған, жол, бассейн, сарықрама салынған, ойыншықтарға толы жаңа мекен салынды. Енді жолбарыс пен келушілер арасын темір тор мен тот басқан дуалдар емес, биік жасыл ағаш қоршау мен өте мықты әйнек бөліп тұрады", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.
Зообақ қызметкерлері айтып бергендей, Урман Перьм зообағынан Алматыға 2011 жылы келіпті. Қазір жасы жетіде, салмағы 250 килограмм. Урман амур жолбарыстарын көбейту бағдарламасының мүшесі. Жақында Новосібір зообағынан "қалыңдығы" келеді.