Оқиға

Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуӘйелдер түрмесі
Әйелдер түрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері әйелдер түзету мекемесі басшыларының бірін пара алды деген күдікпен ұстады

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары жемқорлықпен айналысты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады atpress.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінде хабарлағандай, ҰҚК департаменті қызметкерлері УГ —157/11 жалпы тәртіпті әйелдер колониясы басшысының орынбасарын парамен ұсталды.

Тергеуге зияны тимес үшін не себепті қанша пара алғаны айтылмайды. Белгілі бір жайт, параны сотталғандардың бірінің жұбайынан алыпты.

Жаңалықтар
0