Алматыда "Шығыс базары" атты халықаралық фестиваль ашылды. Онда құрақ құраудың әртүрлі техникалары келушілер назарына ұсынылады.
Құрақ құрау АҚШ, Ұлыбритания, Словакия, Чех Республикасы, Германия және Жапония елдерінде таралған. Бұл елдің шеберлері Қазақстанға келіп мастер-класс өткізіп жатады.
Құрақ құрау техникасын қай танымал дизайнер бүкіл әлемге танытқанын фотолентамыздан тамашалаңыздар.

1/9
© Sputnik / Сергей Ким
Тамара Штрошерер - Қазақстанның құрақ құрау шеберлері қауымдастығының президенті, саусағынан бал тамған шебер.

2/9
© Sputnik / Сергей Ким
Бұл үлкен құрақты Тамара ханымның өзі үш көмекшісімен 20 кун ішінде тіккен, Еуропада 1500 еуро тұратын еді. Қазақстанда шебер оны жарты бағасына сатуға дайын.

3/9
© Sputnik / Сергей Ким
“Жоғары сән әлемінің бұл құраққа деген қызығушылығы атақты модельер Ив Сен-Лоранның арқасында пайда болды, ол 1971 жылы құрақ құрау әдісімен модель жасап шығарған”, - дейді британдық LUX Magazine журналының редакторы Гаухар Каппарова.

4/9
© Sputnik / Сергей Ким
Көрмеде аса қиын тәсілдермен жасалған құрақтар ұсынылған.

5/9
© Sputnik / Сергей Ким
"Түн" құрағы.

6/9
© Sputnik / Сергей Ким
Бұрынғы заманда құрақ көрпе қарапайым тәсілдермен дайындалған. Әжелеріміз мата қалдықтарынан төртбұрыш, үшбұрыш пішіндерді қиып алып, құрастырған.

7/9
© Sputnik / Сергей Ким
Батыста оның көркемдік мәні басты орынға ие.

8/9
© Sputnik / Сергей Ким
Пэчворк – мата қиықтарымен сурет салу өнері.

9/9
© Sputnik / Сергей Ким
Теңдесі жоқ өнер туындысы!
