АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Алматыда температураның төмендеп, жауын-шашын түсуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады оңтүстік астананың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, жексенбі 24 қыркүйекте Алматыда жаңбыр жаууы ықтимал, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді.
Жексенбіден сейсенбіге дейін, 24 — 26 қыркүйекте Алматыда түнде ауа температурасы 3 — 8 градус жылы, таулы аймақтарда 3 градусқа дейін үсік жүреді.