Қоғам

Білім министрлігі оқулықтар бойынша парламент тыңдауын өткізбекші

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент
Парламент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Білім және ғылым министрлігі парламентте ашық тыңдау өткізуге ниет білдірді.

АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі биыл парламентте оқулықтар бойынша қоғамдық тыңдау өткізуді ұсынады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция оқулықтағы эротикалық сурет туралы қауесетті таратушыны іздеуде

"2019 жылы баспадан шығаруға дайындап жатқан және қазір жарыққа шыққан оқулықтарға қатысты бүкіл мәселелерді талқылаған жөн деп санаймыз. Оқулықтарды таныстыру барысында Республикалық комиссия жұмысы басталғанға дейін депутаттардың пікрі тыңдалып, ескеріледі. Жұмысқа сарапшылар, баспаханалар мен БАҚ қатысады", — делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы бері отандық оқулықтарға қатысты бірнеше рет  шу шықты. Әсіресе Зинаида Сабитованың авторлығымен жазылған жетінші сыныптың орыс тілі кітабы ата-аналарды ашуын туғызған болатын.

Жаңалықтар
0