Спорт

Азиада-2017: Қазақстан бесінші орында

Жазылу
Қазақстан құрамасының қоржынында он төрт алтын медаль бар

АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық атлеттер жұма күні Азия ойындарында бес алтын медалге ие болса да, жалпы есепте бесінші орында тұр.

Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ашхабадтағы Азиада: Рыпакова екінші алтын алды

22 қыркүйекте алтын алғандар: Перизат Жақыпбекова (белдікпен күрес), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев пен Қазақстанның ерлер командасы (велотрек).

Бұдан бөлек сол күні қазақстандықтар Азиаданың қола жүлдереглері атанды: Алихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның ерлер командасы (жүзу), Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсенбаева (белдікпен күрес).

Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы жарыстардың жетінші күнінде жалпы командалық бесінші орында тұр, қоржынында барлығы қырық алты медаль: он төрт алтын, он екі күміс, жирыма қола.

Жаңалықтар
0