Оқиға

Алматыда Toyota Land Cruiser әйел адамды қағып өлтірді

© SputnikБурундайская көшесінде әйел адам жол апатынан қаза тапты
Бурундайская көшесінде әйел адам жол апатынан қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма үш жастағы жігіт жол талғамайтын көлікпен жаяу жүргіншілер өтетін жерде әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ кейінірек айыбын мойындап келіпті

АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда әйел адам жол талғамайтын көліктің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, жүргізуші ауруханаға түсті

Жұма күні Алматы қаласы Түрксіб ауданында сағат 23.50 кезінде жол апаты орын алды. 1965  жылғы әйел адам Бурундайская көшесін жаяу жүргіншілерге арналған жерден кесіп өтіп бара жатқан, сол кезде солтүстік бағыттта Toyota Land Cruiser көлігі келе жатады, рөлінде 1994 жылы туған жас жігіт болады.

Жол талғамайтын көлік әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші бірден көз жұмды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, жас жүргізуші әуелі Жалқамыс ауылына қашып кетеді, бірақ кейінірек оқиға орнына қайтып келіп, полиция қызметкерлеріне әйелді қағып кеткенін мойындайды.

Қазіргі уақытта жас жігіт уақытша ұстау изоляторында отырды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0