Өңірлер

Қостанай облысында ағасы мен қарындасы адам өлтірген

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам жәбірленушінің тарапынан бірнеше жылдан бері көрген қорлығынан кейін оның басы мен мойнына 70 жерден пышақ тыққан

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысындағы ер адам өзімен бірге тұратын әйел мен оның ағасының қолынан мерт болды. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сотталушы әйел өзінің екі баласымен қайтыс болған ер адаммен 11 жылдан астам уақыт бірге тұрған. Бірге тұрған жылдар ішінде ол әйел оның тарапынан жиі соққыға жығылып, ол туралы ағасына да шағым айтқан. Сәуір айында ағасы өз туысқанының үйіне қонаққа келеді. Біраз уақыт өткен соң, ішімдік ішіп масайған ер адам әйелді балағаттай бастайды. Өзара ұрыстан басталған жанжал төбелеске айналады. 

Өзінің қарындасына болысқан ағасы ер адамды ұрып тастайды. Әйел адам асүйден пышақ алып, жәбірленушінің басы мен мойнына 70 рет пышақ тығып алады. Алайда, соған қарамастан тірі қалған ер адамның басынан ағасы балғамен ұрып өлтіреді. Екі күн өткен соң, өлген адамның мүрдесін өзінің жиенімен бірге үйден шығарып, бос қалған ғимараттың ішіне апарып тастайды. 

Сот ер адамды 17 жылға, ал оның қарындасын 15 жылға бас бостандығынан айырады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жаңалықтар
0