АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері өздерін байытудың ерекше жоспарын ойлап тапқан. Олар мемлекеттік меншікті жалға алушылардан қолма-қол ақша жинап, деректердің қорына жалған мәлімет енгізіп отырған. Алматы аудандық сотында қарастырылған қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 2014 жылдың қыркүйегінде Аспандияров атындағы Қазақстан медицина университеті асханаға арналған орынды жалға беру жөнінен тендер өткізді. Тендерді М. деген азаматтың атынан "САПА" ЖК жеңіп алды. Келісім шар негізінде жалға беру құны бір айға 823 621,5 теңге болды.
Бизнесмен студенттер мен оқытушыларға арнап тамақ әзірлеп, өз жұмысын бастап кеткен. Алайда, екі ай өткен соң, ол жалгерлік ақыны төлей алмайды.
Сол кезде Мемлекеттік мүлік департаменті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы У. деген азамат кәсіпкерге жалгерлік ақының көлемін айына 523 000 теңгеге дейін азайтуды ұсынады. Кәсіпкер келіседі.
Азамат У. заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі А. Деген азаматтан "gosreestr" деректер қорына "САПА" ЖК тарапынан ай сайын тиісті қаражат түсіп тұратыны жайында жалған мәлімет енгізуді сұрайды. А. келісім береді.
Қылмыс жасау кезінде серіктес болған ол, жұмыстан өз еркімен босаған күнде де бұл әрекеттерін жалғастырып келген. Бұл кезде А. деген азамат бизнесменнен ақшаны өзі алып, У.деген азаматпен бөлісіп отырған.
Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын толық мойындады. Олардың тарапынан орын алған материалдық шығында олардың туысқандары өтеді.
Сот У. және А. деген азаматтарды ҚР ҚК 190 және 361-баптары бойынша айыпты деп танып, оларды бес жылға бас бостандығынан айырды.