Қоғам

Әубәкірова: "Болашақ" стипендиясының сұхбаттасу стандарты өзгерді

© Photo : служба центральных коммуникацийАйман Әубәкірова
Айман Әубәкірова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ конкурс рәсімін ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубәкірова биылғы жылғы "Болашақ" бағдарламасына қатысу үшін енгізілген жаңа өзгерістер жайлы айтып берді

АСТАНА, 22 қыркүйек  - Sputnik. "Жаңа категория енгізілді. Кешенді тестілеу аясында, үміткердің психологиялық портретін құрумен қатар, оның ҚР Ата заңы мен Қазақстан тарихына қатысты білім көрсеткіші бағаланады. Сұхбаттану стандарты шамалы өзгеріске ұшырады", — деді Әубәкірова орталық коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, ережелерге сәйкес, биылғы жылы конкурстың бір кезеңінен өтпей қалған үміткерлердің осы  жылы қайта құжат тапсыруға құқығы жоқ. Қайта құжат тапсыру мүмкіндігі оларға тек келесі жылы беріледі. 

 

 

 


Жаңалықтар
0