АСТАНА, 22 қыркүйек - Sputnik. Демалыс күндері күн суытады және жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғалды ауа ағыны келеді, сол себепті демалыс күндері күн суытады және жаңбыр жауады, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Оңтүстік шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде үсік жүруі ықтимал.
"Батыс облыстарда да күн суыта бастайды. Демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Осы күндері ең жоғары ауа температурасы +30+36 болса, сенбі күні +15+20, оңтүстік батыста +23+28 болады. Территорияның өзге аумақтарында ауа температурасы климаттық мөлшерден 2-6 градусқа төмен болуы мүмкін", — деп хабарлайды Қазгидромет.