Оқиға

Теміртауда Анонимус бетпердесін киіп, дүкен тонаған қарақшылар ұсталды

© AFP 2024 / Niklas Halle'nAnonymous бетпердесін киген адам
Anonymous бетпердесін киген адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындады

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Теміртауда полицейлер дүкенді қарақшылықпен тонау әрекетіне қатысы бар деген күдікті төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД.

Осы аптада бейнебақылау камерасы Гай Фокстың бетпердесін киген, қарулы адамдардың түнде ғимаратқа басып кіріп, кассадан ақша алып кеткен. 

Anonymous - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Теміртауда Анонимус бетпердесін киген белгісіз біреулер дүкен тонады

"Ұсталғандар жасаған қылмысты мойындады. Ұрланған ақшалар мен қылмыс құралдары тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ІІД. 

Дүкенді тонау әрекетіне қатысты күдіктілердің екеуі 19 жаста, екеуі 21 жастағы қала тұрғындары болып шықты. 

Қазіргі уақытта полиция олардың осы секілді қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0