Өңірлер

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға барған жұмыс сапарынан кейін мәлімдеме жасады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыдағы Панфилов көшесі
Алматыдағы Панфилов көшесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президентке Алматының жаңартылған көшелері мен қаланың екі жаңа ауданы көрсетілді және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы және Алматы облысына барған жұмыс сапарының қорытындысын жасап, аймақтағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Ерекше айта кететін жайт, Алматы қаласы әкімдігі қоғам мүшелерімен біріге отырып, қаланың инфрақұрылымын жүйелі түрде жақсарту, тұрғындардың өмір сүруіне қалыпты жағдай жасау жолында жемісті еңбек етіп жатыр. Панфилов пен Жібек Жолы көшелерін кешенді түрде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Олар жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы демалыс аумағына айналған. Қаланы көгалдандыру жұмыстарын одан ары жалғастырып, арықтар жүйесін толығымен іске қосу керек", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол сонымен қатар, бизнеспен айналысуға қажетті қолайлы жағдай жасалған жаңадан екі аудан: Алатау және Наурызбай аудандары құралғанын атап өтті. 

Президент, тұтастай алғанда Алматы қаласының ірі экономикалық орталық және толығымен әлемдік деңгейдегі қазіргі заманғы қазақстандық мегаполис ретінде қалыптасқанын ерекше назарға алды. 

Оған қоса, мемлекет басшысы Алматы облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе құрылыс, көлік-тасымал және ауыл шаруашылығы саласында қарқынды дамып жатқанын атап өтті. 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0