Спорт

Қазақстандық жеңіл атлетшілер Ашхабадта Азия ойындарының триумфаторы болды

Жазылу
Қазақстандық жеңіл атлетшілер Азия ойындарында 10 медаль – 6 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алды

АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жабық кешендегі Азия ойындарында осы спорт түрінен бірінші орын алды, деп хабарлайды Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы. 

Ашхабадта өтіп жатқан Азиада кезінде қазақстандық жеңіл атлетшілер 10 медаль – 6 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алды. Осы спорт түрінен барлығы 25 медаль ойнатылды. 

Он төрт қазақстандық жеңіл атлетшілер: ерлер арасында – ядро лақтыру, сырықпен секіру, жоғарыға секіру және 4-400 метр аралығындағы ерлер эстафетасы; әйелдер арасында ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, 60 және 400 метрге жүгіру, 4-400 аралығындағы әйелдер эстафетасы бағдарламалары бойынша күш сынасты.

Ұзындыққа секіру және үш қарғып секіруден — Ольга Рыпакова екі алтын медаль иеленді. 

Қазақстандық команданың қоржынына алтын медальдарды ядро лақтырудан Иван Иванов, сырықпен секіруден Сергей Григорьев, 400 метрге жүгіруден Элина Михина, 60 метрлік спринттен Виктория Зябкина әкелді. 

Үш қарғып секіруден Мария Овчинникова күміс медальді алды.

Қола медаль иегерлері Ольга Сафронова (60 метр), Анастасия Виноградова (60 метр кедергілер арқылы), Михаил Литвин (400 метр) болды.

Жеңіл атлетшілер арасындағы медальдік кестеде Қазақстан бірінші орын алды. 

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынды иеленді. 

 

Жаңалықтар
0