Видео

"Балаларыма, немерелеріме барамын": Серік Ахметовтің бостандыққа шыққан соң айтқан сөзі

Жазылу
Қазақстанның бұрынғы үкімет басшысы жемқорлық қылмыс үшін екі жыл түрмеде отырып, бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы түрме алдында оны туған-туыстары мен тілшілер қарсы алды, олардың арасында Sputnik Қазақстан тілшісі де бар

Бір ай бұрын белгілі болғандай, 8 жылға сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі екі жыл жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шықты.

Серік Ахметов сағат 8.30-да түрмеден босатылды.

"Әзірге жоспарым жоқ. Жарым, балаларым мен немерелерімнің қасына барамын", — деді көлікке асыққан Ахметов. 

Серік Ахметов тілшілерге алғысын білдіріп, денсаулығы туралы да айтып үлгерді.

"Денсаулығым жақсы", — деді ол.

Жаңалықтар
0