"Аманжолов көшесі қазір жабық, асфальтталмаған. Оқушыларға осы жерден өту қолайлы. Жолдың қарсы бетінде "Millenium Park" тұрғын үй кешені. Сабақтан соң балалар жолды кесіп өтіп, аулада бірге ойнауға барады", — деп пікір білдірді жергілікті тұрғын Олжас.
Оның айтуынша, бұл қауіп-қатерге толы көрініске тұрғындар күнде куә болып жүр екен.