Өңірлер

Шымкентте жолдардың "уақытша жөнделуіне" тыйым салынды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуШұңқыр
Шұңқыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкенттегі жолдардың ахуалы үшін техникалық инспекция басшысы жазалануы мүмкін

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте жолдардың уақытша жөнделуіне тыйым салынады, деп хабарлады қала әкімі Ғабидулла Әбдірахимов жиналыс барысында.

Көлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өзбекстан азаматы Шымкентте жол апатынан қаза тапты

Бұдан бөлек, жолдар астындағы коммуникацияларды жүргізетін мердігерлік ұйымдар толығымен таптап тегістеп, асфальттауға міндеттелді.

Әбдірахимов жолдардың жағдайы мен өз міндеттіліктерін дұрыс атқармағаны үшін "Техинспекция" ЖШС басшысын қатал сынға алды.

"Сіздің жұмысыңызға разы емеспін. ЖШС басқарғаныңызға бір жарым жыл болды, тәртіп жоқ. Тәртіп дегеніміз шұңқыр тегістеліп, жолдар асфальтталуы керек деген сөз. Біз ЖШС акционері ретінде сізді жұмыстан шығару мәселесін көтереміз", — деп мәлімдеді Шымкент қаласының басшысы. 

Жаңалықтар
0