АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Boxing News And Views сайты орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) келесі жекпе-жекке бес қарсылас ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші үміткер — орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерсом (25-0, 12 КО). Ұлыбританиялық боксшы Головкинге желтоқсанда жекпе-жек өткізуге шақырып үлгерді. Головкинге орта салмақта толықтай чемпион атану үшін дәл осы ұлыбританиялықтың белбеуі жетіспей тұр.
Екінші үміткер — америкалық Джермалла Чарло (26-0, 20 КО). WBC тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.
Үшінші үміткер — украиналық Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО). IBF тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.
Төртінші үміткер — пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО). Ол желтоқсанда соңғы жекпе-жек өткізіп, кәсіпқой бокстан кететіні туралы айтқан еді. Сонымен қатар ол Головкин — Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді сұраған еді.
Бесінші үміткер — Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО). Головкин мамырға дейін күтіп, мексикалықпен реванш өткізуі мүмкін.
Айта кетейік, Головкин — Альварес арасында Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.