АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Шымкент полициясы із-түссіз жоғалып кеткен он жасар қызды іздеп жатыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті.
Сәрсенбі күні, 20 қыркүйекте, әйел адам полицияға хабарласып, сол күні таңертең қызы Маратова Жанель үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Қыздың анасы Жанель жоғалып кетердің алдында төмен баға алғаны үшін ұрысыпты.
Қыз бала 2007 жылы туған, бойы шамамен 145-150 сантиметр, арықтау келген, шашы ұзын қара, көзі-қасы қара, қызғылт түсті жейде, сары түсті шалбар, қызыл аяқ киім киген. Ерекше белгілері жоқ.
© PhotoЖанар Мұратова
Жанар Мұратова
© Photo
Қандайда бір мәлімет білетін жандардың келесі нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (7252) 56 02 62, 8 775 314 51 15 немесе 102.