АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны тамақ ішіп отырғанда қақалып қалып, көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдарынан.
Атбасар аудандық ішкі істер бөліміне 18 қыркүйекте әйел хабарласып, бірге тұрып жатқан 62 жастағы ер адамның тамақ ішіп отрыған кезде шашалып қалғанын хабарлайды. Тамаққа қақалып қалған ол қайтыс болған.
Полиция зорлық белгілері жоқ ер адамның мәйітін сараптамаға жіберді.