Қоғам

Алматы облысында сирек кездесетін аюды атып алды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуҚоңыр аю
Қоңыр аю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Браконьерлік әрекетке қатысты екі ауыл тұрғыны күдікті болып табылады

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik.  Алматы облысының тауларында  браконьерлер тяньшандық қоңыр аюды атып алған, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

Тексеру шаралары кезінде табиғатты қорғау полициясы тарапынан 18-19 қыркүйек аралығындағы түнде Алакөл АІІД қызметкерлері жергілікті тұрғындардың УАЗ автокөлігін ұстаған. Автокөлік ішінен мылтық пен аю терісі, сонымен қатар жабайы аңдарды ұстауға арналған түрлі құрылғылар табылды.  
Ұсталған күдіктілердің айтуынша, олар аюды "Байзерек" тауынан заңсыз түрде атып алған. 5,6 мм калибрлі мылтық тіркелмеген болып шықты. Ұсталғандардың ешқандай рұқсат құжаттары болмады.
Полиция қызметкерлері қаруды тәркілеп, ҚР ҚК 337 бабының 4-бөлімі және 287-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Жаңалықтар
0