АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан елордасында миллионнан астам тұрады, олардың он бір мыңнан астамы шетелдік азаматтар. Бұл туралы алтыншы шақырылым мәслихатының отырысында Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев айтты.
"Үкіметтің бекіткен тіркеу үлгісі арқылы біз нақты сандарды көре алдық. Бүгінгі таңда қаламызда
1 010 000 мың адам тұрақты тіркеуде, уақытша тіркелгендер – 205 мың азамат тұр. Тұрақты негізде 11 мың 796 шетелдік тіркелген", — деді Әсет Исекешев.
Қаладағы жеті мыңнан астам шетелдіктер Қазақстанға алыс шетелден, ал қалған шетелдіктер ТМД мемлекеттерінен келген.
Айта кететін жайт, 2020 жылға қарай Астана қаласына миллионға жуық шетелдік туристтерді тарту жоспарланып отыр. 2016 жылы елордасына турист ретінде келген шетелдіктердің саны 300 мыңға жеткен.