Өңірлер

ДХР ұрыстарына қатысқан қазақстандыққа шартты жаза тағайындалды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам шекара бекетіне тоқтамай, Ресей арқылы Украина территориясына өтіп кеткен

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. ДХР территориясында ерікті түрде ұрыстарға қатысқан ер адам үш жыл мерзімде шартты жаза алды, деп хабарлайды, Yk-news.kz Семей қаласы №2 сотына сілтеме жасап. 

Хабарламада, қазақстандықтың 2016 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында өз егемендігін жариялаған ДХР (Донецкі Халықтық Республикасы) жағында әскери ұрыстарға қатысқаны айтылады. Қазақстан азаматы Ер адам шекара бекетіне тоқтамай, Ресей арқылы Украина территориясына өтіп кеткен. Әскери жасақ құрамында болып,  арнайы дайындықтан өткен. 

Ер адам 2016 жылы желтоқсанда Қазақстанға оралады. 2017 жылдың ақпанында ол Семейден заңсыз түрде Макаров тапаншасын иеленіп, оны Павлодарда сатып жібереді. 

Ендігі кезекте ер адам шетелдік мемлекет территориясында әскери қақтығысқа қатысып, заңсыз түрде қару сатқаны үшін кінәлі болып танылды

Сот оған шартты түрде үш жарым жылға жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 


Жаңалықтар
0