АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе облыстық лаңкестік әрекетке қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 20 қыркүйек, сәрсенбі күні "Батыс-2" және "Оңтүстік-Батыс" шағын аудандарында лаңкестік әрекетке қарсы оқу жаттығуларын өткізеді, деп хабарлайды штабтың баспасөз қызметі.
Оқу жаттығулары жоспарлы түрде ұйымдастырылған және мемлекеттік органдардың лаңкестік сипаттағы қауіптерге дайындығын жақсарту мақсатын көздейді.
Қала қонақтары мен тұрғындарын бұ л шараға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтау сұралады.