АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Семейде құрышпен қапталған әскери автокөлік аударылды, оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.
Суреттерді жариялаған Сергей Ли Хан деген пайдаланушы, жол апатының "жаңа көпірге жақын жерде" орын алғанын хабарлады.
Кейіннен қайғы жағдай орын алған жол апаты жайлы ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
"Оқиға 2017 жылы 19 қыркүйек күні сағат 14:30 шамасында, әскери дайындық жаттығуларынан келе жатқан жолда орын алды, жол-көлік апатының салдарынан 44736 әскери бөлімінің (аймақтық "Шығыс" бөлімі) жүргізуші-механигі қаза тапты. Көлік апатының себебі анықталуда, тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығы және Қорғаныс күштердің жеке құрамы қайтыс болған жауынгердің отбасына қайғырып, көңіл айтады", — делінген аталған хабарламада.
Қайтыс болған жауынгер туралы мәліметтер әзірге белгісіз.