Өңірлер

Көкшетауда кісі өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адам
Пышақ ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер күйеуі іс сапарға кеткен әйелді өз пәтерінде өлтірген

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Көкшетауда репититорлық орталықтың 48 жасар басшысын өлтірген қылмыскерді түрмеге қамау туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды сот залынан Sputnik Казахстан тілшісі. 

Көкшетау қаласының 49 жасар тұрғыны Әмина Әденді тамағынан бауыздалып жатқан жерінен өз күйеуі тауып алған. Іс сапарда болған ер адам үш күн бойы өзінің жұбайына хабарласа алмайды да, өзінің досына мән-жайды анықтауды сұрайды. Нәтижесінде әйел адам жұмысқа бармаған болып шығады. Ал оның көлігі аулада тұрған. 
Қайтыс болған әйелдің денесі бірнеше жерден пышақталған және соққыға жығылғаны анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында әйелдің ұялы телефоны мен алтын бұйымдарының жоғалғаны белгілі болды. 
Тергеу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 34 жасар күдіктіні ұстайды. Тергеу мәліметі бойынша, ол әйел адамның үйіне 3 маусым күні кіріп, қылмыс жасаған.  
Қылмыстық істер бойынша Ақмола мамандандырылған ауданаралық соты 34 жасар күдіктіні "Кісі өлтіру" және "Ұрлық" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп мойындады. Сотталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылып, қайтыс болған әйелдің күйеуі мен баласына материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді. 

Жаңалықтар
0