АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Теміртауда №2 мектеп жанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Осыған дейін әлеуметтік желіде мектептің жанынан біреу қорлап, өлтіріп кеткен он жасар қыздың жалаңаштанған денесі табылды деген ақпарат тараған болатын.
Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тәртіп сақшылары хабарлағандай, мектеп жанынан ер адамның денесі табылған.
"Ер адамның денесін полиция қызметкерлері тауып алды. Сараптама қорытындысы көрсеткендей. Ол қатты суық өтіп кетендіктен қайтыс болған", — деді Құдияров.
Көз жұмған адамның Теміртаудың 1969 жылы туған тұрғыны екені анықталды.