Жабық кешендегі V Азия ойындарында Қазақстан атынан 200 спортшы күш сынасады.
Ашхабадтағы ойындардың ашылу салтанатында ұйымдастырушылар керемет шоу жасады. Жарқыраған арнайы эффектілер мен әуе акробаттарының бас айналдырар көріністері көрермен назарына ұсынылды.
Қазақстан құрамасы мен ашылу салтанаты туралы толығырақ біздің фотолентадан қараңыздар.

Ашылу салтанатына 7500 әртіс пен 200 музыкант қатысты. Дизайнерлер 7000-нан астам костюм тіктірген. Бұл айтулы оқиғаға ұйымдастырушылар 18 ай дайындалған.

Ұлттық олимпиада комитеті мәліметінше, Қазақстанның намысын екі жүзден атам спортшы 21 спорт түрі бойынша қорғайды.

Жарыс 12 күнге созылады.

Спортшыларға қолдау көрсетуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, ұлттық құрамаға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Ашылу салтанаты кезінде көрермендер әуе акробаттарының шоуын тамашалады.

Шоу ұйымдастырушыларының қиялына сай, сахнадағы қайталанбас көріністердің арқасында Түркіменстан тарихына шолу жасап, елдің көптеген қалаларына ойша сапар шегуге болады.

Салтанат алдында Қазақстанның туы көтеріліп, әр түрлі елдердің спортшыларын керемет қойылыммен қарсы алды.

Кештің ең айшықты сәті – Азия ойындарының алауын жағу.
