АСТАНА, 19 сен — Sputnik. Астанада американдық елшілік бұрын қолданысты болған заттарды, кітаптар мен асүй керек-жарақтарының аукционы мен жаппай сатылымын өткізеді, деп хабарлайды АҚШ елшілігі.
"Аукцион 30 қыркүйек күні өтеді. Акционға ұсынылатын заттар: жиһаздар (үй және кеңсе жиһазы), кілемдер, компьютер жабдықтары, компьютер, асүй және спорт жабдықтары, полиция күркелері, оқ өтпейтін терезелер, дөңгелектер, автокөліктер мен гольф-карлар", — деп нақтылайды американдық елшілік тарапы.
Аукцион жөнінде толғырақ мәліметті дипөкілдіктің сайтынан білуге болады.