АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Құтқарушылар Астананың оң жағалауында Nissan Tiida маркалы автокөліктің өртенген қозғалтқышын сөндірді.
"Сарыарқа даңғылының бойында өрттің тұтануы туралы хабар сағат 12.13 кезінде келіп түсті. Хабарлама бойынша автокөліктің қозғалтқышын өрт шалғаны анықталды. Өрт сөндіру барысында екі техника мен жеке құрамның 10 құтқарушысы әрекет етті. Өрт сағат 12.26 кезінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Астана қаласы ТЖ жөніндегі департамент автокөлік иелерін негізгі бөлшектердің жұмысқа жарамдылығын тексеріп отыруға шақырды.
Мамандардың айтуынша: "Бірінші кезекте автокөліктің өрт қауіпсіздігі оның иесінің жауапкершілігіне байланысты. Оған қоса, автокөлікте өрт сөндіру құралының болуы да өзіндік рөл атқарады".
Автокөліктегі өрттің болдырмаудың ең тиімді тәсілі тұтануды болдырмау қажет. Сонымен қатар, автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт қауіпті бөгде заттарды қалдыруға болмайды.