Қоғам

Астанада қазақ тілінің латынға ауысуы талқыланады

CC0 / StockSnap / Кітап оқыған бала
Кітап оқыған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында, қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуына байланысты баспасөз конференциясы өткізіледі

Қыркүйек айында ұсынылған жобаға сәйкес латын әрпімен жазылатын қазақ әліпбиі 25 әріптен тұрады. Қазақ тілінің кейбір дыбыстары сегіз әріптер тіркесі – диграфтар арқылы жазылады. 

Ерлан Сагадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев латын әліпбиі туралы: маған 25 әріпті нұсқа ұнайды

Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді тобы Байтұқ Ғалым, Сайыров Ерлан, Қалиев Талғат, Сәтжан Динара сынды азаматтар республика тұрғындарын латын тіліне ауысу процесін жылдамдату мен оның маңыздылығын түсініп, қолдау көрсетуге шақырады. 

Спикерлер көпшіліктің назарына "Латын тілі – ұлттық коды қайта жаңғырту" атты үндеухат ұсынады. 

Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығының мекен жайы: Қонаев көшесі 12/1, 12-кіреберіс, (Нұрлы жол бульвары, "Бәйтерек" монументі жағынан), P1-қабат

Аккредитация бойынша байланыс телефоны: 77015277007.


Жаңалықтар
0