АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Көкшетаудағы үйдің өртенуіне газ құрылғыларын пайдалану ережесін бұзу себеп болған, деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Көкшетау Қуанышев көшесі, 50 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққан.
Өрт орнында 55 жастағы әйел адамның, 1,5 жастағы сәби мен сегіз жасар баланы денелері табылды. Тағы бір бір жарым жасар бала мен 1956 жастағы ер адамға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды. Өрт шыққан кезде балалардың анасы жұмыста болған. Бір жарым жасар балалардың егіздер екені белгілі. Балалардың қасында атасы мен әжесі болыпты.
ТЖД мәліметінше, өрттің бастапқы себебі – тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану ережесін бұзу. Оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр.
"Бастапқы болжам бойынша, газ ашық қалып, артынша тұтанып кеткен. Адамдардың қазасына – иіс газымен улану себеп болған", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.