Видео

Астанада салынып жатқан ғимараттың құлағаннан кейінгі көрінісі

Жазылу
Жексенбі күні Астанада құлаған ғимараттың орны әлі жинастырылмаған. Қайғылы оқиғадан бері бір тәулік өтсе де, алаңда тірі жан иесі жоқ, соған қарағанда құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған

Салынып жатқан ғимараттың қабырғалары құлап, Өзбекстанның екі азаматы үйінді астында қаза тапты. Үшінші зардап шеккен азамат аяғынан айырылды, қазір жасанды комада жатыр.

Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, екі адам мерт болды

Жұмысшылар құрылыс жанындағы гаражда тұрса керек. Үйіндінің қасында электр шәйнектері, құрылыс киімдері жатыр, алаңдағы жіпке кір жайып қойыпты. 

Кеңселік ғимараттың құрылысы биыл маусымда басталған еді. Нысан паспортына сай 2018 жылы ақпанда аяқталуы тиіс болатын.

Жүктеу-тасу жұмыстарына жауап беретін құрылыс нысанының басшысы ұсталды, ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы сот алды тергеу амалдарына кірісіп кеткен.

Тергеу мәліметі бойынша, аражабын тақталар құрылыс материалдарының салмағына шыдамай, ғимарат опырылып құлаған.

Жаңалықтар
0