Қоғам

Ақпарат министрлігінің құпиясы: бюджеттен бөлінген 2 миллиард теңге кімнің қолында кетті?

© AFP 2024 / JOEL SAGETТілшілер
Тілшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілшілерді қорғау жөніндегі қоғамдық қор мемлекеттік ақпараттық тапсырысты бөлу туралы мәліметтің берілуін талап етті

АСТАНА, 18  қыркүйек  – Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс үшін бөлінген 2 миллиард 69 миллион 247 мың теңгенің қайда жұмсалғаны туралы мәлімет беруден бас тартты, деп хабарлады "Құқықтық медиаорталық" қоғамдық қорының директоры Диана Өкремова. 

"БАҚ-ның бюджеттен қанша қаражат алатыны туралы мәлімет жоқ! Бүгін Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінен таңқаларлық хат алдық, мемлекеттік тапсырысты кім алғаны және қанша ақша алғаны туралы ақпарат берілмейді екен. Бұрынырақ хабарланғандай, бұл мақсатта 2 069 247 000 теңге жұмсалған, алайда кімге, қанша ақша бергені туралы мәліметті жасырып отыр. Таңқаларлық мәселе, ақпаратқа қол жетімділік туралы заңды шығарған, оны орындауға өкілетті орган сол ережелерді өзі бұзады. Бас прокуратура жағдайдың анық-қанығын түсіндіреді деп үміттенемін", — деп жазды Өкремова Facebook парақшасында. 

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты бөлетін арнайы комиссия отырысынан соң ҚР АКМ сайтында жарияланған хаттамада лоттар сомасы мен оларды иеленушілер туралы ақпарат болмаған. Осыған байланысты қор ведомствоға мәліметтерді беру туралы сұрату жолдап, сұраған ақпаратын ала алмапты. 

Енді "Құқықтық медиаорталық" қоғамдық қоры министрліктің мәлімет бермеуінің қаншалықты заңға сай келетінін тексеру үшін прокуратураға өтініш жазбақшы.

Жаңалықтар
0