"Жастардың қалаға келу ағымын азайту үшін, оған ықпал ететін себептерді жою қажет.
Ауылдық жастарға жұмыс жасау үшін, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени инфрақұрылыммен пайдалану үшін жағдай жасалу керек. Бұл тек жастарға ғана қатысты емес, барлық ауыл адамдарына қатысты болуы қажет", — деді Божко.
Ол, адамдардың ауылдан кетуі қарқынды, егер, ауылдың жағдайы жақсармайтын болса, жерде жұмыс жасайтын адам қалмайды. Соның салдарынан азық-түлікті шетелден сатып алып отырамыз. Ал ірі қалаларда наразылыққа дайын тұратын халықтың саны артады деп атап өтті.