АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Ойындар "Денсаулық. Жігер. Достық" ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінен келген 65 делегацияның 6 мыңнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Қазақстан құрамасы спорттың көптеген түрлерінен сайысқа түседі.
Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейінде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим күресі, еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.