АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрып, кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Павлодар облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында түнде және таңертең – тұман.