Оқиға

Құлаған қабырғаның астында мерт болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты

© Photo : КЧС МВД РКАстанада салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлады
Астанада салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлап, екі адам мерт болып, біреуі жарақат алды

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың құлаған үйінділерінің астында қалған құрылысшылар Өзбекстан азаматтары екені анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз орталығы. 

Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, екі адам мерт болды

Жексенбі күні түс кезінде Алаш 25 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады. Оқиға орнында екі жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. 

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары басталды. 

Құрылыс және объектідегі бақылау жұмыстарына жауапты төрт адам: сонымен қатар тапсырыс беруші, бас мердігер мен бөлім бастығы тергеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлімшеге жеткізілді. 

 

Жаңалықтар
0