Әлем

Лондондағы терактіге қатысты деген күдіктілер ұсталды

© AP Photo / Frank AugsteinЖарылыс болған Парсон Грин метро станциясы
Жарылыс болған Парсон Грин метро станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лондон полицейлері 30 адам зардап шеккен метродағы жарылысқа қатысты күдіктілерді ұстады

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik.  Лондон полицейлер метрода болған лаңкестік оқиғаға қатысты деген екі күдіктіні ұстағаны туралы хабарлады, дейді РИА Новости Скотланд-Ярдқа сілтеме жасап.

Сенбі күні түнде лондондық полиция қызметкерлері Хаунслоу ауданында 21 жасар ер адамды ұстады. 

Өрт сөндірушілер жарылыс болған станцияның маңында - Sputnik Қазақстан
Әлем
Лондон метросындағы жарылыс лаңкестік әрекет деп бағаланды

"Күдікті Лондон қаласының оңтүстігінде орналасқан полиция бөлімшесіне жеткізілді. Осының алдында тағы бір күдікті 18 жасар жігіт  Дувр портының ауданында тұтқындалды", — деп хабарлайды агенттік.

Жарылыс 15 қыркүйек күні Парсон Грин станциясында болды. Жарылыс салдарынан түрлі жарақаттар алып, күйік шалған 30 адам зардап шекті. Лондон полициясы болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп мойындады. 
Жарылысқа қатысты жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (Қазақстан мен бірқатар елдерде тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойынына алды. 
Парсонс Грин — шетелдіктер мен студенттер көп тұратын Лондонның батысындағы аудан. 

Жаңалықтар
0